Жаңалықтар

Көлік жуу орындарына ауызсуды пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

Көлік жуу орындарына ауызсуды пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда автомойкалардың технологиялық процестер үшін орталықтандырылған ауызсуды пайдалануын шектеу көзделіп отыр. Осыған байланысты Су кодексіне түзетулер әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Министрдің айтуынша, суды ұтымды пайдалану талаптарын күшейту мақсатында жаңа Су кодексі қабылданған. Құжатта су ресурстарын тиімді пайдалану, су шығынын азайту және су пайдалану шарттарын сақтау қағидаттары бекітілген.

«Суды тиімді пайдалануға, оның шығынын азайтуға және белгіленген су пайдалану талаптарын сақтауға қойылатын заңнамалық талаптар күшейтілді. Су пайдалануға мемлекеттік бақылау да артты. Жыл басынан бері 758 заңбұзушылық анықталды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі еседен астам көп», – деді Нұржан Нұржігітов.

Оның сөзінше, су заңнамасын одан әрі жетілдіру үшін Су кодексіне тиісті түзетулер дайындалған. Олар автомойкалардың технологиялық процестерде орталықтандырылған ауызсуды пайдалануын шектеуді көздейді.

Барлық жаңалық