Спорт

Волкановски Царукянмен жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайын

Волкановски Царукянмен жеңіл салмақта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайын

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Александр Волкановски жеңіл салмаққа ауысып, Арман Царукянмен чемпиондық белбеу үшін кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда бұл жекпе-жек Джастин Гэтжи мансабын аяқтаған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін, деп хабарлайды Ozgeris.info

Волкановскидің айтуынша, егер Гэтжи октагонға оралудан бас тартса, ол чемпиондық белбеуді босатып, Царукянмен жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасуға қарсы емес.

«Егер Джастин жекпе-жек өткізгісі келмесе, мен дайынмын! Арманмен кездесуге деген қызығушылығым Гэтжимен айқасуға деген ықыласымнан да жоғары. Арман – тамаша файтер. Мен бұл шақыруды үлкен қуанышпен қабылдар едім», – деді австралиялық спортшы Ariel Helwani-дің YouTube арнасында.

Айта кетейік, Волкановски қазіргі уақытта UFC-дің жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ал Арман Царукян - жеңіл салмақтағы ең мықты спортшылардың бірі. Сонымен қатар  чемпиондық белбеуге үміткерлер қатарында жүр.

Егер бұл кездесу ұйымдастырылса, жанкүйерлер екі салмақта да жоғары деңгейде өнер көрсеткен тәжірибелі чемпион мен жеңіл салмақтағы қауіпті үміткердің тартысты айқасын тамашалауы мүмкін. Дегенмен әзірге жекпе-жек ресми түрде жарияланған жоқ.

Барлық жаңалық