Қоғам

«Мөлдірді ренжітпеу керек еді»: Қостанайда Тұрсынбектің суретін жауып тастаған

«Мөлдірді ренжітпеу керек еді»: Қостанайда Тұрсынбектің суретін жауып тастаған

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты видео тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Желі қолданушысы Қостанай көшелерінің біріндегі хабарландыру тақтасында әзілкештің суреті жабылып қалғанын көрсеткен. Ол мұны Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты жағдайлармен байланыстырды.

«Тұрсынбек Қабатов, Қостанай сізге қатты ренжіп қалыпты ғой. Концертіңіздің хабарландыруын жауып тастаған. Бетіңіз жоқ. Астында атыңыз бар әйтеуір, бірақ бетіңіздің үстіне іліп кетіпті. Мөлдір әпкені ренжітпеу керек еді. Әпкемізді ренжіткен адамды жақтыра қоймаймыз», – деді желі қолданушысы.

 

Барлық жаңалық