Қоғам

Ақтөбе облысындағы шахтада тағы да жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысындағы шахтада тағы да жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында вагондарды тіркеу кезінде жұмысшы жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтада бүгін болған. Зардап шеккен жұмысшы Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген.

Еске салайық, 20 қазанда осы комбинаттың «Болашақ» шахтасында тағы бір жұмысшы жарақат алып, қаза тапқан еді.

Барлық жаңалық