Танымал ақын әрі психолог Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оның айтуынша, осыдан он жыл бұрын қиын жағдайға тап болған кезінде көмектесуден бас тартқан танысы арада уақыт өткен соң өзінен көмек сұрап хабарласқан.
«Мәә, шок алып отырмын. Шаршадым, қартайдым, уақыт жоқ деген оттаған әңгіме, беттеріңе айтайын! Тығырыққа тіреліп, бір танысыма: «Кішкене ақша беріп қолдаңызшы, тірі болсам, қайтарамын» деп өтініш айтқанымда, «Пәтерден басқа түгің жоқ, не тәжірибең жоқ, жұмысың жоқ, қайтара алмайсың» деп бетімді қайтарып тастағанда, еңіреп, стреске түсіп кеткенмін. 2016 жылдың 29 қазаны еді… Тура 10 жыл өтіпті! Құдайдың шеберін-ай, бүгін сол адам көмек сұрап жазыпты… Әрине, қолдан келсе көмектесеміз ғой…», – деп жазды ол.