Қоғам

Ақмола облысында екі адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Ақмола облысында екі адам қайғылы жағдайда көз жұмды

Ақмола облысының Зеренді және Целиноград аудандарында екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғалар өңірдің екі ауданында тіркелген.

— Алдын ала мәлімет бойынша Зеренді ауданында дала жұмыстарын жүргізу кезінде Еленовка ауылының 46 жастағы тұрғыны қайтыс болған. Ал Целиноград ауданында Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны электр тогының соғуынан қаза тапты, — деп хабарлады ведомство.

Белгілі болғандай, Зеренді ауданында көз жұмған ер адам шөп тазалайтын престің механизміне қысылып қалған.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. 

Барлық жаңалық