Қоғам

«Сау сиырдың боғы емес»: Жанар Байсеміз көріпкелге араша түсті

«Сау сиырдың боғы емес»: Жанар Байсеміз көріпкелге араша түсті

Журналист Жанар Байсеміз көріпкел Ақгүл Есетқызына қатысты тараған ақпараттарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде Ақгүл Есетқызының сұхбатынан кейін қызу талқы өршіп, оның өткен өміріне қатысты түрлі ақпарат тарады.

«Өтініш! Маған Ақгүлдің өткен өмірінде немен айналысқанын жібермей-ақ қойыңыздар. Маған Ақгүлдің өткен шағы маңызды емес, мен сіздерді қазіргі Ақгүлмен таныстырдым. Сұхбатта да өзі айтты: “Мен қасиет қонғанға дейін не істемедім, бәрін істедім”, – деп. Әр адамның ішінде жарқын жағы да, қараңғы тұсы да болады. Менде де. Сондықтан адамдардың бойынан жарық іздеп көрейік. Менің каналымның ұстанымы да – “Жарығыңды шаш, қараңғылық онсыз да көп”. Ақгүл андай, Ақгүл мындай деп әлеуметтік желіге шуылдап жазып жатқаннан сізге қандай пайда бар?! Керісінше, күнә арқалайсыз ғой. Энергияңызды жоғалтасыз ғой. Жарайды, солай-ақ болсын делік, бірақ қазір ондай емес қой. Неге сонша агрессивті болып кеткенсіңдер, адамдар?! Ал Ақгүлдің айтқанына қатысты таңдау сізде. Қалай қабылдайсыз, ол да өз еркіңізде. Менің каналымда да жазылған. Мен журналист ретінде әртүрлі пайым, көзқарастағы, түсініктегі адамдардың пікіріне құрметпен қараймын», – деді журналист.

Сондай-ақ Жанар Байсеміз адамды өткен өміріндегі әрекеттерімен бағаламауға шақырды.

«Ешкім сау сиырдың боғы емес. Өткен өмірді тіміскілейтін болса, бәрімізден “боқ” шығады. Адамды өткен шағында жасаған істерімен өлшеуге болмайды. Бұрын күнәсі көп болған кісі бір-ақ сәтте әулие сипатқа айналуы мүмкін. Ал әулие сипат сайтана айналуы мүмкін. Өміріміздің соңына дейін әлі талай қателесеміз, күнә арқалаймыз, біреудің наласына қаламыз, біреудің жүрегін жаралаймыз. Біз бір қоймалжың сұйықтықпыз. Өмір бойы қалыптасамыз. Өміріміздің соңында ғана қандай адам болмағанымыз анықталады», – деді Жанар Байсеміз.

Барлық жаңалық