Қоғам

Орта дәліз арқылы жүк тасымалы 30%-ға артты

Орта дәліз арқылы жүк тасымалы 30%-ға артты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласындағы халықаралық әріптестікті тереңдету маңызды міндеттердің бірі екенін айтты. Оның сөзінше, биылғы тоғыз айда Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы 30%-ға өскен,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы кезеңде Орта дәліз арқылы транзиттік тасымал көлемі 90%-ға артқан. Ал Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы теміржол жүк тасымалы 10%-ға өсіп, 40 млн тоннаға жуықтаған. Автокөлікпен тасымалданған жүк көлемі де 20%-ға көбейіп, 6,5 млн тоннаға жеткен.

Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылатынын айтты. Сонымен қатар Орта дәліз бойындағы логистикалық инфрақұрылым мен теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары жалғасады.

Президент Солтүстік – Оңтүстік дәлізі, «Бір белдеу, бір жол» жобасы және басқа да көлік бағыттары Қазақстан үшін маңызды әрі тиімді болып қала беретінін атап өтті.

Барлық жаңалық