Қоғам

Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланған. Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол – Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны.

«Есіл өзенінен мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Барлық жаңалық