Әнші Медеу Арынбаев екінші рет шаңырақ көтеру туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі бұл туралы Stan.kz YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Үлкен 70-80 жастағы апалар әуежайда көріп қалса “Әй, үйлендің бе?” деп қояды. “Өй, апа, екі рет үйленіп, екі рет ажырасып кеттім ғой. Болмады”, – деймін. “Өйбу, білмей қалдық қой” деп жатады. Оларға қарап күлемін. Бәрі мүмкін. Бұл өмірде бәрі мүмкін. Мықты болудан шаршадым. Адал болудан да жалығасың. Мен бір жағынан еркіндікке үйреніп қалдым. Біреу “қайдан келдің, қайда бара жатырсың?” деп күліп айтса да, жымиып айтса да, маған жат болып қалды», – деді әнші.
Сонымен қатар Медеу Арынбаев болашақтағы армандарымен бөлісті.
«Арманым – әдемі қартаю. Келешекте немере сүю. Өнерде жай әнші емес, нағыз әнші болып қалу. Бақытты болу. Оның ішінде бәрі бар. Мен әуестенбейтін жандар жоқ дейсің бе? Әуестенемін. Алпысқа толып алайын, көп нәрсе өзгереді. Біз де пендеміз. Бақытты болғымыз келеді», – деді ол.