Қоғам

Астанада есірткі дүкендерінің 18 мүшесі ұзақ жылға сотталды

Астанада есірткі дүкендерінің 18 мүшесі ұзақ жылға сотталды

Астанада «San-Andreas», «MOOZ», «Zadira» және «Царство Аида» есірткі дүкендеріне қатысты үш қылмыстық іс бойынша сот үкімдері заңды күшіне енді,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қала прокуратурасының мәліметінше, тергеу барысында қылмыстық топтардың құрылымы анықталған. Олардың құрамында ұйымдастырушылар, есірткі сақтайтын қойма қызметін атқарған куратор және есірткіні жасырын орындарға жеткізген курьерлер болған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 18 мүшесі 16 және 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар олардың ақша қаражаты, цифрлық активтері, мүлкі мен автокөліктері мемлекет кірісіне тәркіленді.

Барлық жаңалық