Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі қонақүй ақыры сатылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі қонақүй ақыры сатылды

Алматыда бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған DoubleTree by Hilton Almaty қонақүй кешені бірнеше мүмкіндіктен кейін 12,3 миллиард теңгеге өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сауда-саттық e-Qazyna электронды платформасында өтті.

Қонақүй Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Досмұхамедов көшесінде орналасқан. Бұл – жалпы аумағы 16 мың шаршы метр болатын 11 қабатты ғимарат. Қонақүйде 112 нөмір, мейрамхана, конференц-залдар, бассейн, SPA аймағы және фитнес орталығы бар.

Қонақүйді сатып алуға қанша үміткер қатысқаны және оны кім сатып алғаны әзірге белгісіз.

Нысанның бастапқы бағасы 38,2 миллиард теңге болды. Бұған дейін оны екі рет аукцион арқылы сатпақ болды. Алайда сатып алушы табылмай жүрді.

Барлық жаңалық