Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасындағы сапары аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысын Анкара әуежайынан Түркия Республикасының Сауда министрі Омер Болат және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Айта кетейік, Президент Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысты.