Қоғам

«Лайықсыз деп сызып тастады»: Меруерт Түсіпбаева марапаттан қағылғанын айтты

 «Лайықсыз деп сызып тастады»: Меруерт Түсіпбаева марапаттан қағылғанын айтты

Әнші Меруерт Түсіпбаева 55 жас мерейтойына орай орден алуға ұсынылып, марапаттан қағылғанын айтты, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

 Өнер иесінің айтуынша, оны бір жауапты тұлға марапатқа үміткерлер қатарынан сызып тастаған.

«Жақында жаңбырдай жауған атақтар туралы маған көп сұрақ келді. «Қазаншының еркі бар» – менің жауабым. «Еңбек сіңірген қайраткер» атағы сол кезеңде «Халық әртісі» атағына жақын еді. Өйткені ол кезде «Халық әртісі» атағын мүлдем алып тастаған болатын. Маған бұл атақ 2014 жылы бұйырды. Шүкір! Жақында 55 жас мерейтойыма орай орденге ұсынылып едім. «Лайықсыз» деп мені бір мықты сызып тастапты. Ештеңе етпейді, иә? Сіз қалай ойлайсыз? Бүгін мен осы видеомен мені сызып тастаған адамға жауап бердім!» – деп жазды. 

Барлық жаңалық