Қоғам

«Ырымға қайшы»: Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкей қыз ұзатты

«Ырымға қайшы»: Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкей қыз ұзатты

Танымал тележүргізушілер Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкей алғаш рет қыз ұзатып, көпшіліктің талқысына түсті, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қыз ұзату сәтінен видео жариялады.

«Қатты сөкпеңіздер. Біз әнші емеспіз, дегенмен қызымыздың бір ауыз сөзін жерге қалдыра алмадық. Бағын жансын, бағалым! Айгүл Мүкей екеуміздің дуэтіміз, дебют», – деп жазды тележүргізуші.

Алайда қос тележүргізушінің қыз ұзатып, шығарып салуы желі қолданушыларының арасында қызу пікірталас тудырды. 

«Жесір әйел ырымдарға қатыспайды ғой. Айгүл, неге әуре болдыңыз? Әншілер аяқ сүрінетіндей жеткілікті», «Қызға күйеуі қайтқан, ажырасқан адамды қолтықтатпайды», «Тезірек бітсін дегендей жылдам айттыңдар», «Сөздерін де жаттамаған», «Ырымға қайшы», «Енді қыз ұзатуға шыққан ба?» – деп жазды оқырмандар.

Барлық жаңалық