Қоғам

Таразда есігі жоқ көлікпен жүрген жүргізуші айыппұл арқалады

Таразда есігі жоқ көлікпен жүрген жүргізуші айыппұл арқалады

Тараз қаласында алдыңғы есігі жоқ Volkswagen автокөлігімен жолға шыққан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға Тараз қаласындағы Төле би даңғылында тіркелген. Патрульдік полиция қызметкерлері алдыңғы есігі жоқ Volkswagen көлігін байқап, жүргізушіні тоқтатқан.

Тексеру кезінде көліктің ұзақ уақыт бойы қозғалмай тұрғаны анықталған. Жүргізуші автокөлікті жөндеу орнына жеткізбек болғанын, бірақ эвакуатор шақырмай, өзі айдауды жөн көргенін түсіндірген.

Полиция өкілдері мұндай техникалық ақауы бар көлікпен жүру жүргізушіге де, өзге жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндіретінін ескертті.

Нәтижесінде жүргізуші тоқтатылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Оған 5 АЕК, яғни 21 615 теңге айыппұл салынды.

 

Барлық жаңалық