Қоғам

«Құлағым мүлдем естімей қалды»: Белгілі актер денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты

«Құлағым мүлдем естімей қалды»: Белгілі актер денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты

Белгілі актер Ерболат Әлқожа түсірілім кезінде жарақат алып, денсаулығына байланысты қиындыққа тап болғанын айтты, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесінің сөзінше, жарақат салдарынан бір құлағы мүлдем естімей қалған. 

«Түсірілім кезінде жарақат алдым. Мына оң жақ құлағым мүлдем естімей қалды. Қырғызстанның мен-мен деген мықты дәрігерлері емдеп жатыр. Қырғыз бауырларымызға үлкен алғыс», – деді актер.

Сондай-ақ актер ем-домына қаржылай көмек ұсынған оқырмандарына алғысын білдіріп, ақшалай қолдаудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

Барлық жаңалық