Қоғам

Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамға қатысты дерек шықты

Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамға қатысты дерек шықты

Семейде облыстық сот алдында өзін өртеп қаза тапқан ер адамның бұған дейін лизингтік компаниямен соттасқаны белгілі болды, деп  хабарлайды Ozgeris.info.

Ол бес жүк көлігіне қатысты дауда 19,9 миллион теңге өтемақы талап еткен.

Сот мәліметінше, 2020 жылы марқұмның компаниясы лизинг арқылы бес жүк көлігін алғанымен, төлемді толық өтемеген. Кейін лизингтік компания өкілдері сот шешімінсіз төрт көлік пен қосалқы бөлшектерді алып кеткен. Бұл әрекет заңсыз деп танылғанымен, айыпталушы қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтуіне байланысты жазадан босатылған.

Ал марқұм жоғалған мүлік пен жүк көлігін жөндеуге кеткен шығын үшін 19,9 миллион теңге өндіріп беруді сұраған. Алайда сот оның мүлікке тиесілігін және шығын көлемін дәлелдей алмағанын айтып, талапты қанағаттандырмаған. Сот оған өтемақы өндіру үшін азаматтық тәртіппен қайта жүгінуге болатынын түсіндірген.

Айта кетейік, 30 қазанда Семей қаласында облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін-өзі өртеп, көз жұмды.

Барлық жаңалық