Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Жартылай финалда ол жапониялық Йошуносукэ Айоягимен белдесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Белдесу барысында төрешілердің челлендж шешімімен алғашқы екі ұпайынан айырылғанына қарамастан, Нұрқожа жігер танытып, тамаша камбэк жасады. Нәтижесінде қарсыласынан басым түсіп, финалға шықты.
Енді отандасымызды алтын жүлде үшін шешуші белдесу күтіп тұр.