Мемлекет басшысына Qarmet компаниясының №8 және №9 жаңа кокс батареяларының құрылысы таныстырылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жобаның жалпы өндірістік қуаты жылына 1,5 млн тонна құрғақ кокс өндіруге мүмкіндік береді. Әр батарея биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пешінен тұрады.
Жаңа нысандар домна пештерін сапалы кокспен тұрақты қамтамасыз етіп, өндіріс тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздікті арттырады.
Жоба аясында 1960–1970 жылдары пайдалануға берілген ескі өндірістік қуаттар жаңартылады. Жаңа батареяларды келесі жылы іске қосу жоспарланған.
Сонымен қатар, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір-химия кешенін құру көзделіп отыр.