Қоғам

«Бұрынғы күйеуіме хабарластым»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты

«Бұрынғы күйеуіме хабарластым»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты

Танымал актриса Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі ауыр кезеңді бастан өткеріп жүргенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Қанша мықты болып, берілмеймін десем де, кейде түнде көлікке отырып жылап келетінім бар. Бұрын мен эмоцияларымды басып тастайды екенмін. Ал қазір келіп тұрған эмоцияны шығаруға тырысамын. Өйткені шығарған сайын адам босайды», – деді ол.

Сондай-ақ Жанель Мақажан ажырасуды кішкентай өліммен салыстырып, бұл кезеңде адам психологиялық тұрғыдан қатты қиналатынын айтты.

«Ажырасу кішкентай өлім деген сөз бар, оған толықтай қосыламын. Ажырасу кезінде процесс горевания деген этап болады. Горевание кезінде адаммен өткізген бақытты сәттеріңнің бәрі есіңе түсіп, бойыңды сағыныш билеп, сезімге ерік бересің. Тіпті мен кеше бұрынғы күйеуіме хабарласып, ауыр сезімдерімді айттым», – деді актриса.

Барлық жаңалық