Қоғам

32 жылдан кейін табысқан ана мен қыз: Наташа Қалымбетованың қызы ДНҚ арқылы анықталды

32 жылдан кейін табысқан ана мен қыз: Наташа Қалымбетованың қызы ДНҚ арқылы анықталды

32 жыл бұрын бірнеше ер адамның зорлығына ұшырағанын айтқан Наташа Қалымбетованың АҚШ-та тұратын қызы табылды. ДНҚ сараптамасы олардың анасы мен қызы екенін растады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Менің қызым екенін бірден сездім. 99 пайыз менің қызым екенін көрсетті. АҚШ-та қалмаймыз, Таиландқа барамыз. Екі баламды таныстырамын»,- деді Қалымбетова.

Еске салайық, бұған дейін Наташа Қалымбетова Қазақстан президентіне үндеу жасап, 32 жыл бұрын өзімен болған оқиғаны айтып, істі жеке бақылауына алуды сұраған еді.

Оның айтуынша, 1995 жылы дүниеге келген қызын содан бері іздеп келген. Әйелдің сөзінше, оқиғаға қатысты тергеу басталғанымен, куәгерлер мен нақты дәлелдердің жоқтығынан іс алға жылжымай тұрған.

Алайда арада 32 жыл өткен соң көптен күткен жаңалық жетті. АҚШ-тан табылған қыздан ДНҚ сараптамасы алынып, нәтижесінде оның Наташа Қалымбетованың қызы екені анықталды.

Осылайша, ұзақ жылдарға созылған белгісіздікке нүкте қойылып, анасы мен қызының туыстығы ғылыми сараптама арқылы расталды.

Барлық жаңалық