Қоғам

Қазақстан бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін Азия даму банкінен қарыз алады

Қазақстан бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін Азия даму банкінен қарыз алады

Құрылтай «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Қаржылық басқару және қаржы секторын реформалау бағдарламасы – 2-шағын бағдарлама) ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады. Келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Келісім аясында Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз тарту көзделген. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып саналады. Пайыздық мөлшерлемесі – 1,69%, ал игерілмеген қаражат үшін жылдық 0,15% көлемінде комиссия төленеді.

Қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттардағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.

Барлық жаңалық