Қоғам

Жұлдыз той: қыздарға арналған жаңа дәстүр желіде қызу талқыға түсті

Жұлдыз той: қыздарға арналған жаңа дәстүр желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде қыздарына арнап «Жұлдыз той» өткізген ата-аналардың видеолары таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Кадрларда қыз балаларды сәнді киіндіріп, арнайы таққа отырғызып, қонақтардың алдына салтанатты түрде алып шыққанын көруге болады. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында түрлі пікір қалыптастырды.

Бірі мұндай тойды жаңа тренд деп қабылдаса, енді бірі оның қазақтың бұрыннан келе жатқан дәстүрі екенін алға тартты. Ал кейбір қолданушылар «Жұлдыз той» атауын алғаш рет естігенін жазған.

Негізінде, Жұлдыз той – қыз балаға арналып өткізілетін көне қазақ дәстүрі. Оның мақсаты – қызға құрмет көрсету, бақытты болуына тілек айтып, ақ батасын беру. Дәстүр бойынша, қыздың құлағына алғаш алтын сырға тағылған кезде де осындай мереке ұйымдастырылған. Кей деректерде тойдың қыз 3, 5, 7 немесе 9 жасқа толғанда өткізілгені айтылады.

Бүгінде ұмыт бола бастаған бұл дәстүр қайта жаңғырып, заманауи сипатта ұйымдастырылып жүр. Дегенмен оның бастапқы мағынасын сақтап, қыз балаға деген құрметті дәріптеу маңызды.

Жаңалықты нақты дерекпен бастаТақ пен видеоны бірінші абзацта айқындаБейтарап жаңалық стилін күшейт
Барлық жаңалық