Қоғам

«Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда өткен «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды. Бас жүлдені 20 жастағы алматылық Асылым Өтепберген иеленді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Көрермендер дауыс беруінде ол 17 164 дауыс жинап, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орын Қостанай өкілі Әйгерім Қайпенге (10 480 дауыс), үшінші орын шымкенттік Сымбат Әбубәкірге (4 499 дауыс) бұйырды.

Асылым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алады. Сондай-ақ әлеуметтік желіде блог жүргізіп, Instagram-да 30 мыңнан астам оқырман жинаған.

Жеңімпазға дизайнер Аида Кауменованың сән үйінде арнайы тігілген шапан мен шетелге саяхат жолдамасы табысталды. Биыл байқауға еліміздің әр өңірінен 22 ару қатысқан. Финал 3 қарашада Алматыдағы Республика сарайында өтті.

Барлық жаңалық