Қоғам

«Біржола кете алмадым»: Қайрат Түнтеков сахнаға қайтып келетінін айтты 

«Біржола кете алмадым»: Қайрат Түнтеков сахнаға қайтып келетінін айтты 

Қазақстандық әнші Қайрат Түнтеков басынан түрлі жағдай өткенін айтып, өнерден қол үзбейтінін жеткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады  Ozgeris.info.

«Басымнан талай жағдай өтті. Қуаныш та болды, қиындық та болды. Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән – менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна – менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді», – деп жазды әнші.

Ол жазбасында тыңдармандарына қолдауы үшін алғыс білдірді.

Барлық жаңалық