Шоу-бизнес

«Баян Есентаевамен кездескім келеді»: «Қазақ аруы» қатысушысы сынның астында қалды

«Баян Есентаевамен кездескім келеді»: «Қазақ аруы» қатысушысы сынның астында қалды

«Қазақ аруы – 2026» байқауында 4-нөмірмен өнер көрсеткен Айжан Әбілда сұрақ-жауап кезеңіндегі жауабымен сынға қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Байқау барысында қатысушыға актриса Меруерт Өтекешова: «Кез келген адаммен кездесу мүмкіндігі болса, ол кім болар еді?» деген сұрақ қойды.

«Мен Меруерт Өтекешова және Баян Есентаевамен кездескім келеді. Олар – менің сүйікті тұлғаларым. Өмірбаяны мен жүріп өткен жолынан өзіме қажетті ақыл-кеңес алғым келеді», – деп жауап берді ару.

Алайда қатысушының жауабы көпшіліктің көңілінен шықпады. Әсіресе Баян Мақсатқызының тегін қате атағаны әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады.

«Баян мен Тұрсынның түрі өзгеріп кетті», «Есентаева деген жерден кетті ғой», «Тұрсын жынданып кетті»,«Фамилиясынан қателеспесе болады ғой», «Артық қыламын деп тыртық қылды», «Жағынамын деп сүрінді», – деп жазды көршілік.

Барлық жаңалық