Жаңалықтар

Жетісу облысында экскаватор 11 жастағы қызды басып кетті

Жетісу облысында экскаватор 11 жастағы қызды басып кетті

Жетісу облысының Текелі қаласында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы дөңгелекті экскаватордың жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде жаяу жүргіншілер өткеліндегі баланы байқамай, қағып кеткен. Қыз алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Барлық жаңалық