Жамбыл облысының Меркі ауданында қаза тапқан 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Марқұмның жақындары алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмән келтіріп, қайта сараптама жүргізуді талап еткен. Олардың талабы бойынша эксгумация жасалғаны хабарланған.
Мадинаның артында небәрі сегіз айлық сәбиі қалды. Туыстары оның өлімінің барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп, кінәлі адамдар болса, заң алдында жауап беруін талап етіп отыр.