Алматыда үш баласының көзінше азаматтық некедегі әйелін 39 рет пышақтаған бұрынғы полиция қызметкері Серік Накимов 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Ozgeris.info
Сот оны аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесіне жіберу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар марқұмның отбасына 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Айыпталушы қылмысты аффект жағдайында жасағанын айтқанымен, сот оның бұл уәжін қабылдамады.
Марқұмның туыстары үкімге көңілі толатынын жеткізді. Дегенмен олар бұрынғы полицейге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.