Қазақстан биыл сыртқы нарықтан 3,5 млрд доллар қарыз тартуды жоспарлап отыр. Қаражат республикалық бюджет тапшылығын жабуға бағытталады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев Құрылтайда өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Министрдің айтуынша, 2026 жылғы бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңге болады. Оны жабу үшін үкімет ішкі және сыртқы нарықтан қарыз алуды көздеп отыр.
«Биыл сыртқы нарықтан 1,6 трлн теңге немесе 3,5 млрд доллар тарту жоспарланған. Оның 1 млрд долларын көктемде Дүниежүзілік банк пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алдық. Сондай-ақ Қытайдан 1,5 млрд доллар көлемінде панда-бонд шығардық. Қазір Азия даму банкінен тағы 500 млн доллар қарастырылды», – деді Мәди Тәкиев.
Оның сөзінше, Азия даму банкінен алынатын қарыз 15 жылға беріледі, оның ішінде үш жыл – жеңілдік кезеңі.
«Жыл соңына дейін тағы 500 млн доллар тарту жоспарланып отыр. Жалпы, бұл қаражат бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады», – деп толықтырды министр.