Жаңалықтар

Президент халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған қазақстандық спортшыларды атап өтті

Президент халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған қазақстандық спортшыларды атап өтті

Мемлекет басшысы дүбірлі додаларда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатқан спортшылардың жетістіктеріне тоқталды, деп жазады Ozgeris.info.

Президент таэквондодан Азия ойындарының чемпионы атанған Темірлан Тілеулесті, бокстан топ жарған Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайды ерекше атап өтті.

Сондай-ақ каратэші Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтынына тоқталды. Велоспортшы Алексей Луценконың Азия ойындарында жекелей және топтық жарыста жеңіп алған екі алтын медалін де атап өтті. Ол Қазақстан тарихында Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанған алғашқы спортшы.

Бұдан бөлек, Параазия ойындарының екі дүркін чемпионы, пауэрлифтер Давид Дегтяревтің жетістігіне жоғары баға берді. Ол халықаралық жарыстарда Азия рекордын жаңартқан.

Президент спортшылардың табанды еңбегі мен жеңіске деген жігері ел мақтанышы екенін атап өтті.

«Спортшыларымыз өз жетістіктері арқылы Қазақстанның Туын халықаралық аренада биікте желбіретіп жүр», – деді Мемлекет басшысы.

Барлық жаңалық