Жаңалықтар

Үкіметтің қаулысы: вице-президент пен құрылтай спикері ұлттық пантеонда жерленеді

Үкіметтің қаулысы: вице-президент пен құрылтай спикері ұлттық пантеонда жерленеді

Қазақстан Үкіметі Астанадағы Ұлттық пантеонда жерленуі мүмкін мемлекеттік қызметшілер мен жоғары лауазымды тұлғалар тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Жаңа тізімге Қазақстанның вице-президенті, Құрылтай төрағасы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы мен орынбасарлары, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары енгізілді.

Бұған дейін Ұлттық пантеонда президенттер мен олардың отбасы мүшелерін, премьер-министрлерді, министрлерді, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін, мемлекеттік органдардың бірқатар басшыларын жерлеу қарастырылған.

Сонымен қатар, мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін жоғары мемлекеттік наградаларға ие болған азаматтар да пантеонда жерлене алады.

Бұдан бөлек, Президенттің жеке шешімімен өзге де Қазақстан азаматтарын Ұлттық пантеонда жерлеуге рұқсат берілуі мүмкін.

Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру жұмыстары жергілікті әкімдіктерге жүктеледі.

Барлық жаңалық