Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) филиалына жаңа директор болып математика мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Күнқожин тағайындалды. Ол бұған дейін осы мектепте өзі де білім алған, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмаз Күнқожин 2018–2023 жылдары мектепті басқарған. Ал 2023 жылдың қыркүйегінен бастап РФММ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Енді ол Алматы филиалының басшылығына қайта оралды.