🌐 Әлем

Ирландияда Джо Байден мен жұбайына сүт құйылған пакеттер лақтырылды (ВИДЕО)

Ирландияда Джо Байден мен жұбайына сүт құйылған пакеттер лақтырылды (ВИДЕО)

Палестинаны қолдайтын наразылық білдірушілер АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден мен оның жұбайы Джилл Байденге Дублиндегі Тринити колледжіне барған кезде сүт құйылған пакеттер лақтырды. Бұл туралы The Telegraph басылымы 10 қарашада хабарлады, деп жазады Ozgeris.info. 

Басылымның мәліметінше, наразылық білдірушілер «Ұят!», «Қолдарың қанға боялған» және «Геноцидшіл Джо» деп ұрандатқан. Олардың бірі Байденге қарата: «Біз геноцидке қатысушы болмаймыз. Джо Байденнің бұл кампуста болуына жол берілмеуі керек», – деп айқайлаған.

Бұған дейін Израиль тарапының келіссөз жүргізушісі Гершон Баскин The Times басылымына берген сұхбатында Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімнің шарттары Байден әкімшілігі кезінде-ақ дайын болғанын айтқан. Алайда Израиль бұл ұсынысты мақұлдамаған, ал АҚШ тарапы да ұсынылған келісім жобасына жеткілікті мән бермеген.

Барлық жаңалық