Шымкент қаласындағы Терискей шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты. Өрт салдарынан 1959 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Ozgeris.info.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, пәтердегі үй заттары 4 шаршы метр аумақта жанған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 8 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады. Өрт толық сөндірілді.
Оқиғаға байланысты Әл-Фараби ауданының төтенше жағдайлар басқармасы Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеді. Бұл бап өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға қатысты. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, 2026 жылдың қазан айында аталған көпқабатты үйде газ-техникалық қызмет өкілдерімен бірлесіп, өрттің алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауға, темекі шегу кезінде абай болуға және сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауға шақырды. Өрт немесе түтін байқалған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.