Алматы әуежайында еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы салдарынан адам қаза тапты. Бұл факті бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп жазады Ozgeris.info.
Қазір болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.