Түркістандағы ойын-сауық орталықтарының бірінде әйелді соққыға жыққан жасөспірім әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, әлгі келіншектің баласы қызға балағат сөз айтқан, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, желіде тараған видеода оқиғаның тек соңғы бөлігі көрсетілген. Ал баланың анасы жарты саған ұрысып, қызды тіпті жұлқыған.
«Мен кәсіби боксшы емеспін және кәмелетке толмаған жасөспіріммін. Кішкентай бала өзінің басына тиген допты мені лақтырды деп ойлап, жаман сөздер айтты. Оқиға осыдан басталды. Кейін анасы келіп, мені жұлқылап, жарты сағат бойы ұрысты. Мен оған жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрадым. Камераларды қарап, баласына тиіспегенімді тексеруді де ұсындым. Алайда тыңдамады. Интернетте оқиғаның тек соңғы бөлігі тарады. Мен тек ашулы әйелден қорғандым», – деді ол.
Айта кетейік, 7 қараша күні Түркістандағы ойын-сауық орталықтарының бірінде екі қыз-келіншектің төбелескен видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Кадрларда қыздардың бірі екіншісін соққыға жыққан. Осыдан кейін желі қолданушыларының бірқатары қыздарын боксқа беретінін айтып, пікір қалдырған.