Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Баян Мақсатқызына шүйлікті

Айқын Төлепберген Баян Мақсатқызына шүйлікті

Әнші Айқын Төлепберген сұлулық байқауында қатысушыға Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты қойылған сұрақты орынсыз деп санайтындарға үн қосты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Әлеуметтік желіде тараған видеоның сипаттамасына қарағанда, байқауға қатысушы Мереке Жарқынбектен Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі кімге тиімді екені сұралған. Қыз сұрақтың мәнін толық түсінбегенін айтып, жауап беруге қиналған. Осыдан кейін желі қолданушылары ұйымдастырушылар мен жүргізуші Аша Матайды сынға алған.

Ал Айқын Төлепберген Instagram желісіндегі пікірінде қатысушының жасына назар аударды.

«18–19 жастағы қыз Таяу Шығыстағы шиеленіс туралы не айту керек сонда?» – деп жазды әнші.

Барлық жаңалық