Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Бүгінгі жиынның мәні ерекше. Өйткені ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып», – деді Мемлекет басшысы.
Ол қазіргі уақытта бүкіл әлемде тіл өзекті әрі нәзік мәселеге айналғанын атап өтті.
«Біз осы үрдістің куәсі болып отырмыз», – деді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөз сөйлеген азаматтарға алғыс білдірді. Олар өздерінің мазмұнды ойларымен бөлісті.
«Салмақты пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды. Мұның бәрін мұқият қарап, алдағы жұмысымызда міндетті түрде ескеру қажет», – деді ол.