Блогер Біржан Әшімнің әкесі Сапарғали Мұқашұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды жақындары әлеуметтік желіде бөлісті, деп жазады Ozgeris.info.
Сапарғали Мұқашұлы көпшілікке блогердің әкесі ретінде ғана емес, Instagram желісінде белсенді контент жариялап жүрген жан ретінде де танылған. Ол соңғы уақытта күнделікті өмірі мен жұмыстағы қызықты сәттерін әзілге айналдырып, түрлі бейнероликтер түсіріп жүрген.

Марқұм мамандығы бойынша музыка пәнінің мұғалімі болған.