Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат марқұм Арман Дүйсеновті еске алды, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. Марқұмның жары Айсұлуға сыйлық ұсынған ол композитор туралы сөз қозғаған.
"Кей адамдардың орны ешқашан толмайды… Уақыт өтсе де, сағыныш сейілмейді екен.
Кеше болған қуанышты сәтте Арман Дүйсеновты тағы да ерекше сағынышпен еске алдық. Осындай күндерде «шіркін, қасымызда болғанда ғой…» деген ой жүректі сыздатады.
Бірге өткізген күндер, шынайы достық пен жарқын естеліктер ешқашан ұмытылмайды.
Айсұлудың бүгінгі қуанышына біз шын жүректен қуандық!
Сағынышпен еске аламыз. Жаныңыз жәннатта болсын!", деп жазды Мархабат Беспаева.