Спорт

Азия ойындарында алтын медальдан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді

Азия ойындарында алтын медальдан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер берілді

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы XX Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді марапаттады. Салтанатты жиында марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Марапаттау рәсіміне Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин мен федерацияның бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысты. Олар құрлықтық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар тапсырды.

Ал федерация мен демеушілер Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтер сыйлады. Ұйым өкілдері бұл қолдау спортшының алдағы Олимпиада ойындарына дайындығына мотивация болады деп сенеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында спорттық жүрістен марафон қашықтығында бірінші болып мәреге жеткенімен, кейін алтын медалінен айырылған еді.

Жарыстан кейін оның нәтижесіне қатысты наразылық түсіп, World Athletics спортшының аяқкиімін тексерген. Негізгі мәселе – жарыста пайдаланған аяқкиімнің рұқсат етілген модельдер тізіміне сәйкестігі болған.

Барлық жаңалық