Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов үкіметтегі брифингте өзінің айлық табысы мен тұрмыстық шығындары туралы айтты,деп хабарлайды Ozgeris.info.
10 қарашада Үкімет отырысынан кейін журналистермен кездескен министр ай сайын 1,2 млн теңге жалақы алатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ ол коммуналдық қызметтерге ай сайын шамамен 75 мың теңге жұмсайтынын жеткізді.
Осылайша, министрдің коммуналдық төлемдері айлық табысының шамамен 6,25%-ын құрайды. Ал бұл шығыннан бөлек, оның қолында 1 млн 125 мың теңге қалады.