Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан бір адам дене жарақатын алды, деп жазады Ozgeris.info.
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың бірі анықталып, полиция басқармасына жеткізілген. Қазір оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.