Шоу-бизнес

Дариға Бадықова тамақ үшін көшеде ән айтқанын еске алып, жылап қалды (ВИДЕО)

Дариға Бадықова тамақ үшін көшеде ән айтқанын еске алып, жылап қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадыкова балалық шағындағы қиын кезеңдерді еске алып, жүрегін тебіренткен оқиғасымен бөлісті. Өнер иесі бала кезінде отбасына көмектесу үшін туған ауылының көшелерінде ән айтып, тәттілер мен азық-түлік жинағанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Актрисаның айтуынша, отбасы тұрмыстық қиындықтарды бастан өткерген. Кейде үйде қант секілді күнделікті қажетті азық-түліктің өзі болмай қалатын. Сол кезде кішкентай Дариға жақындарына көмектесудің амалын іздеген.

«Үйде қант немесе басқа бір нәрсе жоқ дегенде, мен неге жоқ деп ойлайтынмын. Бір амалын табу керек қой. Содан көшеге шығып, ән айтатынмын. Адамдар маған қант, алма, құрт беретін. Соның бәрін жинап, үйге әкелетінмін. Інім мен әпкемнің тамақ жегеніне қуанатынмын. Олардың тоқ болғанын қалайтынмын», – деді актриса Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында.

Барлық жаңалық