Мәдениет

«Болмысым, жүрек таңдауы»: Анна Данченко мемлекеттік наградаға ие болды

«Болмысым, жүрек таңдауы»: Анна Данченко мемлекеттік наградаға ие болды

Анна Данченко мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Ozgeris.info. 

Марапат иесі бұл жетістігін ең алдымен өмірге әкеліп, тәлім-тәрбие берген ата-анасына арнайтынын жеткізді. Сондай-ақ әрбір жетістігінің артында ата-анасының ақ батасы, сенімі мен шексіз махаббаты тұрғанын атап өтті.

Ол бұл марапатты қазақы ортада тәрбиеленіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірудің, ана тіліне деген құрметтің жемісі деп санайтынын айтты.

«Қазақ тілі мен үшін тек қарым-қатынас құралы емес. Ол – менің болмысым, жүрегімнің үні, өмірлік таңдауым», – деп жазды Анна Данченко.

Сондай-ақ ол елі мен халқына алғысын білдіріп, бұл марапатты үлкен жауапкершілік деп қабылдайтынын жеткізді.

Ақордада Тоқаев бірқатар тұлғаға марапат тапсырған еді.
Барлық жаңалық