Жаңалықтар

Астана су қоймасында торайларымен жүрген жабайы қабандар видеоға түсіп қалды

Астана су қоймасында торайларымен жүрген жабайы қабандар видеоға түсіп қалды

Астана су қоймасының аумағында ұрғашы жабайы қабан мен оның бірнеше торайы байқалды. Ерекше сәтті су қоймасында жұмыс істеп жүрген мамандар видеоға түсіріп алған, деп жазады Ozgeris.info. 

Кадрлардан жабайы жануарлардың су қоймасы маңында емін-еркін жүргенін көруге болады. Мамандар үшін бұл күтпеген әрі қызықты кездесу болған.

Айта кетейік, қазір Су ресурстары және ирригация министрлігі Астана су қоймасын реконструкциялап жатыр. Есіл өзенінің ағысын реттейтін бұл нысан елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жоба аясында су қоймасының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су түбінде жиналған тұнба шөгінділерін механикалық жолмен тазарту жұмыстары екінші жыл қатарынан жалғасып жатыр. Бұл үшін арнайы жер снарядтары қолданылуда.

Барлық жаңалық