Желіде Серікжан Біләштің Қайрат Нұртас туралы айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол әншінің ақылсыз екенін мәлімдеген.
"Қайрат Нұртастың басын өткірлеу ұстарамен ашып көріңдерші. Ішіне шай қасық салып көрсеңдер, сол қасық толатын ми шықса, мен басымды ашып берейін. Атом, уран дегеннің не екенін біле ме екен ол. Қайраттың сұхбатын желіден көргенде талып қала жаздадым. АЭС туралы ол айтса, ақырзаман болады деген сөз", деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары әншіні жақтап түрлі пікір білдірді.