🌐 Әлем

Ресей мен Украина тұтқындармен алмасу туралы келісімге келді

Ресей мен Украина тұтқындармен алмасу туралы келісімге келді

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ арасындағы үшжақты келіссөздер аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский брифингте тараптардың тұтқындармен жаңа ауқымды алмасу туралы принципті келісімге келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, алмасудың нақты шарттары жақын арада жарияланады.

«Біздің делегация мүшелері бұл мәселемен арнайы айналысты. Біз тұтқындармен жаңа ауқымды алмасу туралы принципті келісімге келдік. Нақты параметрлері жақын арада жарияланады», – деді ол.

Гуманитарлық мәселелерден бөлек, делегациялар Украинадағы қақтығысты реттеу шарттары мен Еуропаның қауіпсіздік кепілдіктерін де талқылаған.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселесінде айтарлықтай ілгерілеу бар екенін, алайда аумақтарға қатысты келісімге келу ең күрделі мәселе болып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, өзі және АҚШ президентінің тағы бір арнайы өкілі Стив Уиткофф ертең Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Ал кейін Дублинге барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен жүздесуді жоспарлап отыр.

Барлық жаңалық